Dil ID: 10
Dil Adı: spain
Dil Kodu: es3tayfun Productos de la Marca Samsung
Dünyanın En Büyük
Elektronik Bilgi Kütüphanesi



20_ параметрлерді орнату
тоңазытқыш
параметрлерін орнату

Жаңа тоңазытқышыңызды орнына қойып болғаннан кейін, құрылғыңыздың параметрлерін
орнатып, мүмкіндіктері мен функцияларын рахаттана қолдануыңызға болады.
Төмендегі қадамдарды орындағаннан кейін тоңазытқыш жұмыс істеуге дайын.
Жұмыс істемесе, алдымен электр қуатының бар-жоғын тексеріңіз не осы нұсқаулықтың
артындағы ақаулықты түзету тарауын қараңыз. Басқа сұрағыңыз бар болса, Samsung
Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
 Тоңазытқышты тоңазытқыш пен қабырғаның арасына жеткілікті орын
қалдыра отырып орнатыңыз. Осы нұсқаулықтағы орнату бойынша
нұсқауларды қараңыз. (11-ші бетті қараңыз)
 Тоңазытқышты тоққа қосқаннан кейін, есіктерді ашқан кезде ішкі шамның
жанатынын тексеріңіз.
 Температура тетігін ең суық температураға қойып, бір сағат күтіңіз.
Тоңазытқыш сәл суып, мотор ақырын жұмыс істейді.

Тоңазытқышты тоққа қосқаннан кейін, белгілі бір температураға жеткенше
бірнеше сағат кетеді. Тоңазытқышта жеткілікті суық температура қалыптасқаннан
кейін, оған тағамдарды және сусындарды салып сақтауыңызға болады.
Қуатты үнемдеу туралы кеңес
- Құрылғыны салқын, құрғақ, жеткілікті түрде желдетілетін жерге орнатыңыз.
Оны күн сәулесі тура түсетін жерден және қызу көздерінен (мысалы, батарея) алыс қойыңыз.
- Құрылғының саңылаулары мен торкөздерін ешқашан бітемеңіз.
- Жылы тағамды тоңазытқыш ішіне қояр алдында салқындатыңыз.
- Мұздатылған тағамды тоңазытқышқа қойып жібітіңіз.
Содан кейін мұздатылған тағамдардың төмен температурасын, тоңазытқыштағы тағамды
салқындату үшін қолдана аласыз.
-
Тоңазытқыштың ішіне тағам салып немесе одан тағамды алып жатқан кезде есігін ұзақ уақыт
ашпаңыз.
Есікті неғұрлым аз ашсаңыз, мұздатқыш бөлік ішіне соғұрлым аз мұз қатады.
- Тоңазытқыштың арт жағын уақытылы тазалап отырыңыз. Шаң қуаттың көп шығындалуына
алып келеді.
- Қажетті температурадан артық суық температураны таңдамаңыз.
-
Тоңазытқыштың табаны мен артқы қабырғасынан ауа жеткілікті түрде шығуын қамтамасыз етіңіз.
Ауа шығатын саңылауларды бітемеңіз.
- Орнатқан кезде оң жағы мен сол жағынан, арты мен үстіңгі жағынан бос орын қалдырыңыз.
Бұл қуатты аз жұмсап, электр қуаты төлемдерін азайтуға көмектеседі.
DA99-03236J(KAZ-5).indd 20 2010.6.15 5:40:48 PM