Dil ID: 9
Dil Adı: germany
Dil Kodu: de8tayfun Produkte der Marke Rigid Industries
Dünyanın En Büyük
Elektronik Bilgi Kütüphanesi



ПИЦЦА (4, диаметрі шамамен 28см)
Дайындау:
Қызанақ соусы
Қамырға қосылатын қоспа:
500 г ұн, сорты 405
250 мл су
20 г ашытқы
•1 жұмыртқа
2 ас қасық зәйтүн майы
1 шай қасық тұз
Қамырды дайындау тәсілі:
Ашытқыны суға ерітіңіз де басқа қоспаларға қосып жұмсақ қамыр илеңіз.
Бетін жабыңыз да көтерілгенше 30мин. қоя тұрыңыз. Осы уақыт
аралығында қамырды 3 рет илеңіз.
Қызанақ соусына арналған қоспалар:
2 қалбыр қабығы алынып ұсақталып туралған қызанақ (800г)
100 г ұсақталып туралған пияз
Ұсақталып туралған 2 түйір сарымсақ
Тұз, бұрыш,орегано не пиццаға қосылатын шөп
Қызанақ соусын дайындау тәсілі:
Пияз, сарымсақ пен дәмдеуіштерді, шөптерді қызанаққа қосыңыз да
шырынын соус қоюланғанша азайтыңыз. Салқындағанша қоя тұрыңыз.
Үстін әрлейтін қоспаның құрамы:
600 г ірілеу туралған пицца ірімшігі (фета), бір пиццаға 150 г қосылады
Үстіне қосылатын қоспа 400г:
Ветчина, салями, жапырақталған бэкон, анчоус, бір пиццаға 100г
Дайындау:
Қамырды 4 бөлікке бөліңіз де, оларды домалақтап барып шамамен 3-4мм
қалыңдықта жайыңыз. Қамыр жаймасының үстіне суық қызанақ соусын
шетіне 1см тигізбей жаймалаңыз. Қалаған қоспаларыңызды және пицца
ірімшігін үстіне себіңіз.
Алдын ала қыздырылған пеште 230°C пісіріңіз.
Параметр Пеш қатары Пісіру уақыты Су қорапшасына су
құйыңыз.
P 8 ПИЦЦА 3 25 мин. ---
КИШ ЛОРЕН
Қамырға қосылатын қоспа:
250 г ұн, сорты 405
125 г сарымай
60 мл су
1 шай қасық тұз
Аздаған бұрыш пен мускат жаңғағы
Дайындау:
Ұн, сарымай мен тұзды араластырыңыз да су қосып қамыр илеңіз.
Қамырды 1 сағат тоңазытқышқа қойып салқындатыңыз.
Үстін әрлейтін қоспаның құрамы:
Пайдалану, кестелер мен ақыл-кеңес
47