
3. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1
2
3
4
5
6
MyFavourite 3 sec
1
Қосу/өшіру түймешігі
2
Program түймешігі
3
Бейнебет
4
OK түймешігі
5
Шарлау түймешігі
6
Шарлау түймешігі
3.1 Бейнебет
A
B
C
Бейнебеттің 3 аймағы бар. Шарлау
түймешіктерінің бірін іске қосқыңыз
келген аймақ бөлектенгенше
басыңыз.
Кешіктіріп бастау аумағы (A)
Бағдарламаны 1 сағаттан 24 сағатқа дейін
кешіктіріп бастауға болады.
Егер бағдарламамен бірге
функцияларды орнатқыңыз келсе,
оларды кешіктіріп бастау функциясын
орнатпай тұрып орнату керек.
Кешіктіріп бастау функциясын
MyFavourite бағдарламасымен бірге
орнату мүмкін емес.
Кешіктіріп бастау функциясын қалай орнату
керек
1. Осы аумақты таңдау үшін шарлау
түймешіктерінің бірін басыңыз.
2. OK түймешігін басыңыз. Бейнебетте
бағдарламаның мәзірі көрсетіледі.
3. Бағдарламаны таңдау үшін шарлау
түймешіктерінің бірін басыңыз.
4. OK түймешігін басып растаңыз.
Бейнебетте 3 баған көрсетіледі:
• Кешіктіру : осы бағаннан
бағдарламаның неше сағатқа
кешіктірілетінін көруге болады:
• Бастау : осы бағаннан бағдарламаның
басталатын уақытын көруге болады.
• Соңы : осы бағаннан бағдарламаның
аяқталатын уақытын көруге болады.
5. Кешіктіру параметрін орнату үшін оң
жақтағы шарлау түймешігін басыңыз.
Уақыт көбейген сайын Бастау және Соңы
бағандарындағы уақыт та көбейе түседі.
Уақытты азайту үшін сол жақтағы шарлау
түймешігін басыңыз.
6. OK түймешігін басып растаңыз.
7. Кешіктіріп бастау функциясының кері
санағын бастау үшін есікті жабыңыз. Кері
санақ аяқталған кезде, бағдарлама
басталады.
Бағдарламалар аумағы (B)
Бұл аумақта бағдарлама мәзірі мен әр
бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі.
Құрылғыны іске қосқан кезде, әдетте осы
аумақ таңдалып тұрады
Бағдарламаны қалай орнатуға болады
1. Егер бұл аумақ автоматты түрде
таңдалмаса, Programs түймешігін
басыңыз.
2. OK түймешігін басыңыз. Бейнебетте
бағдарламаның мәзірі көрсетіледі.
3. Бағдарламаны таңдау үшін шарлау
түймешіктерінің бірін басыңыз.
4. OK түймешігін басып растаңыз.
5. Есікті жабыңыз, бағдарлама басталады.
Функциялар аумағы (C)
Егер функцияларды бағдарламамен
бірге орнатқыңыз келсе, оларды
бағдарламаны орнатпай тұрып
орнату керек.
6
www.electrolux.com