Dil ID: 9
Dil Adı: germany
Dil Kodu: de1tayfun Produkte der Marke Electrolux
Dünyanın En Büyük
Elektronik Bilgi Kütüphanesi



Бейнебетте тұзға қатысты хабар
көрсетілсе, тұз сауытын толтырыңыз.
Бейнебетте шайғыш затқа қатысты
хабар көрсетілсе, шайғыш зат
үлестіргішін толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз.
Егер аралас жуғыш таблеткаларды
қолдансаңыз, Multitab функциясын
қосыңыз.
5. Бағдарламаны салынған заттар мен
олардың ластану деңгейіне қарай дұрыс
орнатыңыз да, іске қосыңыз.
7.1 Жуғыш затты қолдану
20
30
M
A
X
1
2
3
4
+
-
A
B
C
1.
(B) босату түймешігін басып, қақпақты (C)
ашыңыз.
2.
Жуғыш затты (A) бөлігіне салыңыз.
3.
Бағдарламаның алдын ала жуу циклы
болса, құрылғы есігінің ішкі бөліміне
жуғыш заттан аздап салыңыз.
4.
Жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз,
оларды жуғыш зат үлестіргішіне (A)
салыңыз.
5.
Қақпақшаны жабыңыз. Босату
түймешігінің бекіту қалпына қойылғанына
көз жеткізіңіз.
7.2 Бағдарламаны орнату және
бастау
Auto Off функциясы
Бұл функция пайдаланылатын қуат мөлшерін
азайту үшін, құрылғыны келесі жағдайларда
бірнеше минуттан кейін автоматты түрде
сөндіреді:
Бағдарламаны бастау үшін есікті
жаппасаңыз.
Бағдарлама аяқталғанда.
Бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
3. Қолжетімді функцияларды орнатыңыз.
4. Бағдарламаны орнатыңыз.
Бағдарлама мәзірін шарлау және
бағдарламаны таңдау үшін шарлау
түймешіктерінің бірін басыңыз. OK
түймешігін басып растаңыз.
Егер MyFavourite бағдарламасын
бастағыңыз келсе, OK түймешігін
бірнеше секунд басыңыз. Бейнебетте
MyFavourite бағдарламасының
орнатылғанын растайтын хабар
көрсетіледі.
5. Құрылғы есігін жабыңыз. Бағдарлама
басталады.
Егер кешіктіріп бастау функциясы
орнатылып тұрса, құрылғының есігін
жапқан кезде кері санақ басталады.
Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама
басталады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашу
Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті
жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен
бастап жұмыс істейді.
Кері санақ кезінде кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтату
1. Құрылғы есігін ашыңыз.
2. Program түймешігін басыңыз.
3. Бейнебетте Жууды тоқтатайық па?
хабары көрсетіледі
4. Кешіктіріп бастауды біржола тоқтату үшін
шарлау түймешіктерінің біреуін басып
Тоқтату параметрін, немесе кері санақты
жалғастыру үшін Жалғастыру параметрін
таңдаңыз. Егер кері санақты
жалғастырғыңыз келсе, құрылғының есігін
жабыңыз.
14
www.electrolux.com