Dil ID: 9
Dil Adı: germany
Dil Kodu: de1tayfun Produkte der Marke Electrolux
Dünyanın En Büyük
Elektronik Bilgi Kütüphanesi



қолданылатын ыдыс-аяқтарды жуу
үшін ғана қолданыңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды, құрылғының қасына немесе
үстіне қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт
шығу қаупі бар.
Пышақтар мен ұшы үшкір заттардың
барлығын, ас құралдары себетіне
ұштарын төмен қаратып салыңыз.
Немесе үстіңгі себетке көлденеңінен
не пышақ салатын себетке салыңыз.
(Құрылғы үлгілерінің барлығы бірдей
пышақ салынатын себетпен
жабдықталмаған).
Ыдыс жуғыш машинаға арналған
арнайы құралдарды (жуғыш зат, тұз,
шайғыш зат) ғана қолданыңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған
тұздар, су жұмсартқышқа нұқсан
келтіруі мүмкін.
Тұзды ыдыс жуғыш машинаға, жуу
бағдарламасын бастамай тұрып
салыңыз. Тұз түйірлері немесе тұзды
су құрылғының табанын тоттандыруы
немесе тесіп жіберуі мүмкін.
Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан
басқа ешбір басқа зат (мысалы, ыдыс
жуғыш машинаны тазалағыш зат,
сұйық тазалағыш зат) салмаңыз. Бұл
құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
Жуу бағдарламасын бастамай тұрып,
бүріккіш түтіктердің еркін айнала
алатындығына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашсаңыз, ыстық бу шығып кетуі
мүмкін. Күйіп қалуыңыз мүмкін.
Ыдыстарды құрылғыдан жуу
бағдарламасы аяқталмай тұрып
алмаңыз.
Күту менен тазалау
Құрылғыға күтім көрсетердің алдында
электр желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Тұтанғыш заттар немесе тот
бастыратын заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны сүзгілерін салмай іске
қосуға болмайды. Сүзгілердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс
орнатылса ыдыс-аяқтарды жуу
нәтижесі қанағаттанғысыз болып,
құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.
Құрылғыны су немесе бу бүркіп
тазалағышпен тазаламаңыз. Электр
тогына түсу және құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Орнату
Құрылғының еш жерінің тасымалдау
барысында бүлінбеген тексеріңіз.
Бүлінген құрылғыны іске қоспаңыз.
Қажет болса, сатушыға
хабарласыңыз.
Ең алғаш іске қосардың алдында,
орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Электр желісі және құбыр жүйесіне
қосу, орнату және күтім көрсету
жұмыстарының барлығын тек білікті
маман орындауға тиіс. Бұл құрылғы
конструкцияларының бүлінуіне
немесе адам жарақаттанып қалуға
жол бермейді.
Құрылғыны орнату барысында, оның
ашасының розеткадан ағытылып
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының қабырғаларын, оның
гидравликалық немесе электр
бөлшектерін бүлдіріп алмас үшін
бұрғылап теспеңіз.
Маңызды! Төмендегі әрекеттерді
нұсқауларға сай орындаңыз:
Құрылғыны орнату.
Ас үй қаптамасының есігін
құрастыру.
Су құю және төгу жүйелеріне қосу.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
Мұздап қалуға қарсы сақтық шаралары
Құрылғыны температурасы 0°C
градустан төмендеп кететін жерге
орнатпаңыз.
Мұздап қалудың салдарынан болған
ақаулыққа өндіруші жауапты емес.
Суға қосу
Құрылғыны су жүйесіне қосу үшін жаңа
түтіктерді пайдаланыңыз. Бұрын
қолданылған түтіктерді
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жаңа құбыр жүйелеріне
немесе ұзақ уақыт қолданыста
болмаған құбырларға қоспаңыз. Су
electrolux 3