
Сынақ институттарына арналған ақпарат
Сынақ өткізуге қажетті ақпараттар туралы хабарларды мына эл.поштаға жолдаңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы құрылғының нөмірін (PNC) жазып қойыңыз.
5. ФУНКЦИЯЛАР
Параметрлерді бағдарламаны
бастамай тұрып іске қосыңыз немесе
сөндіріңіз. Параметрлерді
бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
қосу немесе сөндіру мүмкін емес.
Егер бір немесе бірнеше
параметрлер орнатылса, тиісті
индикаторлардың бағдарламаларды
бастамай тұрып қосылғанына көз
жеткізіңіз.
5.1 TimeSaver
Бұл функция судың қысымы мен
температурасын көбейтеді. Жуу және кептіру
циклдары қысқарақ болады. Бағдарламаның
жалпы уақыты шамамен 50% пайызға азаяды.
Жуу нәтижесі қалыпты уақытты бағдарламаны
пайдаланғанмен бірдей. Кептіру нәтижелері
төмендейді.
TimeSaver функциясын іске қосу
1. TimeSaver түймешігін басыңыз. Тиісті
индикатор мен бағдарламаның жолағы
жанады. Бейнебетте бағдарлама
ұзақтығының мәні жаңартылып
көрсетіледі.
• Егер бұл параметр бағдарламада
жұмыс істемесе, тиісті индикатор 3 рет
жылдам жыпылықтайды да, содан кейін
сөнеді. Бағдарламаның жолағы
жанбайды.
5.2 Multitab
Бұл параметрді аралас жуғыш таблеткаларды
қолданғанда ғана іске қосыңыз.
Бұл параметр шайғыш зат пен тұзды ағызбай
тоқтатады. Тиісті индикаторлар сөніп тұрады.
Бағдарламаның уақыты ұзарады.
Multitab функциясын іске қосу
1. Option түймешігін Multitab индикаторы
жанғанша басыңыз.
Егер аралас таблетканы қолдануды
тоқтатсаңыз, жуғыш зат, шайғыш зат мен
ыдыс жуғыш тұзды жеке-жеке қолданар
алдында мына қадамдарды орындаңыз:
1. Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге
қойыңыз.
2. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішінің
толы екеніне көз жеткізіңіз.
3. Шаю циклы бар ең қысқа жуу
бағдарламасын, жуғыш зат қолданбай
және ыдыс салмай орындаңыз.
4. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі
судың кермектігіне лайықтап қойыңыз.
5. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін
реттеңіз.
5.3 EnergySaver
Бұл функция соңғы шаю циклының
температурасын азайтады.
Осы функцияны пайдаланған кезде қуат
мөлшері (25% пайызға дейін) азайып,
бағдарламаның уақыты қысқарады.
Бағдарламаның соңында ыдыстар дымқыл
болуы мүмкін.
EnergySaver функциясын іске қосу
1. Option түймешігін EnergySaver
индикаторы жанғанша басыңыз.
Бейнебетте бағдарлама ұзақтығының мәні
жаңартылып көрсетіледі.
• Егер бұл параметр бағдарламада
жұмыс істемесе, тиісті индикатор
жанбайды.
5.4 MyFavourite
Осы функцияның көмегімен жиі
пайдаланылатын бағдарламаны орнатуға
және жадыға сақтауға болады.
Жадыға бір уақытта 1 бағдарламаны
ғана сақтауға болады. Жаңа
параметр алдыңғы параметрді
өшіреді.
ҚАЗАҚ 9