
7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
• Тұз индикаторы қосулы тұрса, тұз
сауытын толтырыңыз.
• Шайғыш зат индикаторы қосулы тұрса,
шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз.
5. Бағдарламаны салынған заттар мен
олардың ластану деңгейіне қарай дұрыс
орнатыңыз да, іске қосыңыз.
7.1 Жуғыш затты қолдану
20
30
A
B
C
1.
(B) босату түймешігін басып, қақпақты (C)
ашыңыз.
2.
Жуғыш затты (A) бөлігіне салыңыз.
3.
Бағдарламаның алдын ала жуу циклы
болса, құрылғы есігінің ішкі бөліміне
жуғыш заттан аздап салыңыз.
4.
Жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз,
оларды жуғыш зат үлестіргішіне (A)
салыңыз.
5.
Қақпақшаны жабыңыз. Босату
түймешігінің бекіту қалпына қойылғанына
көз жеткізіңіз.
7.2 Бағдарламаны орнату және
бастау
Auto Off функциясы
Бұл функция пайдаланылатын қуат мөлшерін
азайту үшін, құрылғыны келесі жағдайларда
бірнеше минуттан кейін автоматты түрде
сөндіреді:
• Есік жабылмаса.
• Бағарламаны бастау үшін Start басылмаса.
• Бағдарлама аяқталғанда.
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз. Соңғы орнатылған
бағдарламаның индикаторы жанып,
ұзақтығы көрсетіледі.
3. Құрылғы есігін жабыңыз.
4. Бағдарламаны орнатыңыз.
• Соңғы орнатылған бағдарламаны
бастағыңыз келсе, Start түймешігін
басыңыз
• Егер MyFavourite бағдарламасын
орнатқыңыз келсе, MyFavourite
түймешігін басыңыз. MyFavourite
бағдарламасына және функцияларына
қатысты индикаторлар жанады.
• Егер басқа бағдарламаны орнатқыңыз
келсе, Program түймешігін орнатқыңыз
келген бағдарламаның индикаторы
жанғанша қайта-қайта басыңыз.
Сондай-ақ, тиісті функцияларды да
орнатуға болады.
Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы
көрсетіледі.
5. Бағдарламаны бастау үшін Start
түймешігін басыңыз.
• Бағдарлама басталған кезде
бағдарламаның ұзақтығы мен
бағдарлама жолағы ғана көрсетіледі.
Орнатылған бағдарлама мен
функцияларды көру үшін (Reset емес)
кез келген сенсорлық түймешікті
басыңыз. Орнатылған бағдарлама мен
функциялар бірнеше секунд
көрсетіледі.
• Бағдарламаның уақыты 1 минутқа тең
қадаммен азая бастайды.
32
www.electrolux.com