
Осы нұсқаулықты пайдалану
3
Орталық процессорды және ЖЖҚ көп пайдалануды қажет
●
ететін мазмұн (жоғары сапалы мазмұн) құрылғының
жалпы өнімділігіне әсер етеді. Құрылғының техникалық
сипаттамаларына және пайдаланылатын ортаға байланысты
мазмұнға қатысты қолданбалар дұрыс жұмыс істемеуі
мүмкін.
Қол жетімді мүмкіндіктер мен қосымша қызметтер құрылғы,
●
бағдарламалық жасақтама немесе қызмет көрсетуші
провайдер бойынша ерекшеленуі мүмкін.
Бұл пайдаланушы нұсқаулығын пішімдеу және жеткізу
●
Google Android операциялық жүйелеріне негізделген және
пайдаланушының операциялық жүйесіне байланысты әр
түрлі болуы мүмкін.
Бағдарламалар мен олардың функциялары ел, аймақ
●
немесе аппараттық жасақтама сипаттамалары бойынша
ерекшеленуі мүмкін. Samsung корпорациясы үшінші тарап
бағдарламаларынан туындаған жұмыс істеу мәселелеріне
жауапты емес.
Samsung компаниясы өзгертілген тіркеу параметрлері
●
мен операциялық жүйесі бар бағдарламалық құралдар
туындатқан өнімділік немесе үйлеспеу мәселелері
үшін жауапты болмайды. Операциялық жүйені өзгерту
салдарынан құрылғы немесе құралдар дұрыс жұмыс
істемеуі мүмкін.
www.samsung.com сайтына кіріп, ұялы құрылғыңыздың
●
бағдарламалық құралын жаңартуыңызға болады.
Бұл құрылғыда берілген бағдарламалық құралға, дыбыс
●
ресурстарына, тұсқағаздарға, суреттерге және басқа
мазмұнға рұқсат Samsung және оның тиісті иелері арасында
шектеулі пайдалану үшін берілген. Бұл материалдарды
шығарып алып, коммерциялық немесе басқа мақсаттарға
пайдалану авторлық құқық туралы заңдарды бұзғандық
болып саналады. Samsung корпорациясы пайдаланушы
тарапынан мұндай авторлық құқықтың бұзылуына жауапты
емес.
Бұл нұсқаулықты кейінірек те пайдалану үшін сақтап
●
қойыңыз.