
3
KZ
және Freezer °C түймешіктерін бір мезгілді 3 секунд бойы
басып тұрыңыз. Бұл функцияны өшіру үшін, дәл сол
процедураны қайталаңыз. Бұл функция құрылғыны қуат
көзінен ажыратпай, тек сыртқы дисплей тарапынан
тұтынылатын қуатты азайтатынын есте сақтаңыз.
Freeze Control (Қатыруды басқару) – тоңазытқыштан
толығымен тәуелсіз инновациялық ауа жүйесінің арқасында
температура ауытқуларын азайтатын жеткілдірілген
технология. Қату 60%-ға дейін кеміп, тамақтың бастапқы
сапасы мен түсі сақталады.
Freeze Control (Қатыруды басқару) режимін белсендіру/өшіру
үшін Party Mode (Той режимі) түймесін 3 секунд басыңыз.
Бұл функция анықталған температура ауқымында дұрыс
жұмыс істейді: 22°C және 24°C аралығында. Функция жұмыс
істеп тұрған кезде және қатырғыш ішіндегі ағымдағы
температура 22°C-тан төмен жылы деңгейге орнатылған
кезде, температура жұмыс істеу ауқымына жету үшін
автоматты түрде 22°C-қа орнатылады.
Егер бұл функция жұмыс істеп тұрса және пайдаланушы
қатырғыш температурасын жұмыс істеу ауқымынан
өзгертсе, бұл функция автоматты түрде өшеді.
Fast freezing (Тез қатыру) іске қосылған болса, Freeze control
(Қатыруды басқару) функциясы Fast Freezing (Тез қатыру
функциясы ажыратылғанша баяулайды.
Party режимі функциясын белсендіру/өшіру үшін басыңыз.
Бұл функцияны сусындарды мұздатқыш бөлімінде
салқындату үшін пайдаланыңыз.
бөтелкені мұздатқыш бөлімінде функцияның
белсенді болу мерзімінен (30 минут) ұзағырақ уақытқа
қалдырмаңыз.
Жылдам салқындату функциясын пайдаланып тоңазытқыш
бөлімінің салқындату мүмкіндігін арттыруға болады. Бұл
функцияны пайдалану тағамдардың үлкен көлемін
тоңазытқыш бөліміне салу кезінде ұсынылады. Жылдам
салқындату функциясын іске қосу үшін, Fridge °C түймешігін
3 секунд бойы басып тұрыңыз. Іске қосылған кезде,
реттілікпен көрсетілгендей Fast Cool белгісі Тоңазытқыш
температурасының жарық диодтары арқылы көрсетіледі.
Функция 6 сағаттан кейін автоматты түрде өшіріледі немесе
Fridge °C түймешігін басу арқылы қолмен өшіруге болады.
Бұл функцияны пайдалану мұздатылатын тағамдардың
үлкен көлемін мұздатқыш бөліміне салу кезінде ұсынылады.
Балғын тағамдарды мұздатудан 24 сағат бұрын, Жылдам
мұздату функциясын белсендіру үшін Мұздатқыш
түймешігін 3 секунд ішінде басып тұрыңыз.
Іске қосылған кезде, реттілікпен көрсетілгендей Жылдам
мұздату белгісі Тоңазытқыш температурасының жарық
диодтары арқылы көрсетіледі. 24 сағаттан кейін
мұздатылатын тағамды мұздатқыш бөлімінің жоғарғы
себетіне орналастырыңыз. Функция 48 сағаттан кейін
автоматты түрде өшіріледі немесе Freezer °C түймешігін
қайта басу арқылы өшіріле алады.
Тоңазытқыш бөлімінің ішіндегі жарық жүйесі, жарықтың
жақсы жануына мүмкіндік беретін, соған байланысты
қуаттың аз шығындалуын қамтамасыз ететін жарық
диодының шамын пайдаланады.
Жарық диод шамының жүйесі жұмыс істемесе, оны
ауыстыру үшін, қызмет көрсету орталығымен
хабарласыңыз.
Маңызды: Тоңазытқыштың есігі ашылған кезде тоңазытқыш
бөлімінің шамы қосылады. Егер есік 10 минуттан артық
ашық күйде қалса, шам автоматты түрде өшіріледі.
Желдеткіш тоңазытқыш бөлімінің ішіндегі температура
таратылуын жақсартып, тоңазытқыштағы тағамның
жақсырақ сақталуына мүмкіндік береді.
Құрылғының желдеткіші болған жағдайында ол бактерияға
қарсы сүзгімен жабдықталуы мүмкін.
Оны сақтауыдысының тартпасында орналасқан жәшіктен
шығарып, желдеткіш қақпағына енгізіңіз (суретте
көрсетілгендей).
Ауыстыру процедурасы сүзгі жәшігінде қамтылған.
Ашық есік
дабылы
Дыбыстық дабыл белсендіріледі
және Дабыл индикаторы
жыпылықтайды.
Қатырғыш немесе
тоңазытқыш есігі 2 минуттан
артық ашық тұрған.
Есікті жабыңыз немесе дыбыстық дабылдың
дауысын басу үшін Дабылды тоқтату
түймешігін басыңыз.
Температура
дабылы
Температура дисплейі (°C)
жыпылықтайды және Дабыл
индикаторы қосулы күйде қалады.
Ішкі температура дұрыс
емес.
Stop Alarm (Дабылды тоқтату) түймесін
басыңыз ; дыбысты сигнал тоқтайды,
температура дисплейі (°C) жыпылықтайды
және Alarm Indicator (Дабыл индикаторы)
температура < -10°C деңгейіне жеткенше
қосулы күйде қалады.
Қуатты ұзақ
өшіру дабылы
Қуатты өшіру дабылының белгішесі
қосулы түрде қалады, Дабыл
индикаторы жыпылықтайды және
температура дисплейі (°C) қуатты
өшіру кезінде орнатылған
максималды температураны
көрсете отырып, жыпылықтайды
Ұзаққа созылған қуат іркілісі
ішкі температураның 0°C
дейін артуын тудыруы
мүмкін.
Stop Alarm (Дабылды тоқтату) түймесін
басыңыз; дыбысты сигнал тоқтайды,
температура дисплейі (°C) жыпылықтайды
және дабыл индикаторы температура < -10°C
деңгейіне жеткенше қосулы қалады.
Ақаулық Дисплейде (°C) "F" әрпі
жыпылықтайды.
Өнімнің ақаулығы. Кепілдік бойынша қызмет көрсету бөліміне
хабарласыңыз.