
8
БАЛҒЫН ТАҒАМ ЖӘНЕ
СУСЫНДАРДЫ САҚТАУ
ТОҢАЗЫТҚЫШ БӨЛІМІ
Қайта өңделе алатын пластик, металл,
алюминий және әйнек контейнерлерді,
сондай-ақ, тағамды орау үшін ас
пленкасын пайдаланыңыз.
Сұйықтықтар және иісті шығаруы не сіңіруі
мүмкін тағамдар үшін әрқашан жабық
контейнерлерді пайдаланыңыз немесе
бетін жабыңыз.
Егер тоңазытқышта сақталатын тамақтың
мөлшері аз болса, жеміс және көкөністерді
сақтау бөлімінің үстіндегі сөренің
пайдалануын ұсынамыз, себебі бұл -
бөлімдегі ең суық аймақ.
Этилен газының үлкен мөлшерін беретін
және осы газға сезімтал жеміс, көкөністер
және салад сияқты тағамдар сақтау
мерзімін қысқартпау мақсатында бөлек
оралып сақталуы керек; мысалы,
қызанақты киви жемістерімен немесе
орамжапырақпен сақтамаңыз.
Бөтелкелердің аударылып кетуін
болдырмау үшін бөтелке ұстағышын
пайдалануға болады (кейбір үлгілерде
қолжетімді).
Жеткілікті ауа циркуляциясын қамтамасыз
ету үшін тағамды бір-біріне жақын
сақтамаңыз.
МҰЗДАТҚЫШ БӨЛІМІ
Мұздатқыш мұздатылған тағам, мұз
кесектерін жасау және балғын тағамды
мұздатқыш өлімінде сақтауға арналған
тамаша орын.
24 сағаттық кезеңде сақауға болатын
балғын тағамның килограммдық мөлшері
техникалық деректер тақтасында
көрсетілген (…кг/24 сағ).
Егер қатырғышта сақталатын тағам
мөлшері аз ғана болса, қатырғыш бөлігінің
ең салқын бөлігін (әдетте ортаңғы бөлік)
пайдалануды ұсынамыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ, ТАЗАЛАУ
ЖӘНЕ МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ
Техникалық қызмет, тазалау және
мәселені шешу үшін Пайдалану және
күтім нұсқаулығы бөлімін көріңіз.
Пайдалану және күтім нұсқаулығын
келесі орыннан алуға болады:
> Қызмет орталығы; телефон нөмірін
кепілдік буклетінен көріңіз.
> Whirlpool веб торабынан жүктеп
алыңыз:
http://docs.whirlpool.eu/?brand=BK
Bauknecht® - Whirlpool компаниялар тобының тіркелген сауда белгісі
400010811105
САТЫЛЫМНАН КЕЙІНГІ ҚЫЗМЕТКЕ ХАБАРЛАСУ
Сатылымнан кейінгі қызмет тобына хабарласу барысында
қызмет стикерінде көрсетілген нөмірлерді қамтамасыз
етіңіз. http://www.bauknecht.eu
Техникалық ақпарат құралдың ішкі жағындағы
рейтинг тақтасында орналасқан.
ТЕМПЕРАТУРА АЙМАҒЫ Тропикалық
жемісті, қауашақтарды, сусындарды,
жұмыртқаларды, соустарды,
маринадталған тағамдарды, сары
майды, джемді сақтау үшін ұсынылады
САЛҚЫНДАТУ АЙМАҒЫ Сырды, сүтті,
күнделікті тамақты, деликатес
тағамдарын, йогуртты сақтауға арналған
ЕҢ САҚЛҚЫН АЙМАҚ туралған суық
тағамдарды, балықты, етті сақтауға
арналған. Zero 0 BioZone функциясы
тоқтатылған кезде осы тартпаны қысқы
жеміс, десерт сияқты басқа тағам
түрлерін сақтауға пайдалануға болады.
МҰЗДАТУ АУДАНЫ ТАРТПАСЫ
(МАКСИМАЛДЫ СУЫТУ АУДАНЫ)
Таза/пісірілген тағамды мұздатуға
ұсынылады.
ЖЕМІС ЖӘНЕ КӨКӨНІС ТАРТПАСЫ
МҰЗДАТҚЫШ ТАРТПАЛАРЫ
Ескертпе: Шартты белгінің сұр реңкі
тартпалардың түсіне сай емес
Шартты белгілері
KZ
001