Dil ID: 1
Dil Adı: english
Dil Kodu: en5 Aticio Brand's Products
Dünyanın En Büyük
Elektronik Bilgi Kütüphanesi



22222
2
Осы Samsung ұялы телефонын сатып алғаныңызға
алғыс білдіреміз. Бұл құрылғы Samsung
компаниясының ерекше технологиясы мен жоғары
стандарттарына негізделген жоғары сапалы ұялы
байланыс пен ойын-сауықпен қамтамасыз етеді.
Бұл нұсқаулықтың мазмұны өнімнен немесе
қызмет көрсетуші провайдерлер немесе
тасымалдаушы берген бағдарламалық
жасақтамадан ерекшеленуі мүмкін және алдын
ала ескертусіз өзгертіледі.
Құрылғымен бірге берілген заттар мен қол
жетімді аксессуарлар аймағыңызға немесе қызмет
көрсетуші провайдерге байланысты әр түрлі
болуы мүмкін.
Қосымша аксессуарларды жергілікті Samsung
делдалынан сатып алуға болады.
Қамтамасыз етілген аксессуарлар құрылғыңызда
өте жақсы жұмыс істейді.
Жинақта берілгендерден басқа аксессуарлар
құрылғыңызбен үйлеспеуі мүмкін.
Нұсқаулық белгішелері
Іске кіріcер алдында осы нұсқаулықта кездесетін
белгішелермен танысып алыңыз:
Ескерту—өзіңіздің немесе басқалардың
жарақаттануына себеп болатын жағдайлар
Сақтандыру—құрылғыңыздың немесе
басқа жабдықтың зақымдалуына себеп
болатын жағдайлар