
12
Сенсорлық экран
Құрылғының сенсорлық экраны элементтерді
оңай таңдауға немесе функцияларды орындауға
мүмкіндік береді. Сенсорлық экранды түрту, түртіп,
ұстап тұру немесе оның бетінде сүйреу арқылы оны
басқарыңыз.
Күту экраны
Телефон күту режимінде болған кезде сізге күту
экраны көрініп тұрады. Күту экранынан индикаторлық
белгішелерді, виджеттерді, бағдарламалардың жедел
пернелерін және басқа да элементтерді көруге
болады.
Күту экранында бірнеше тақта бар. Күту экранындағы
тақталардың біреуіне солға немесе оңға қарай өтіңіз.
Индикаторлық белгішелер
Индикаторлық белгішелер сигнал күшін, құрылғының
күйін, ағымдағы уақыт пен басқа да ақпаратты
экранның жоғарғы жағынан көрсетеді.
Тіркесімдер тақтасы
Жедел пернелер тақтасынан жедел мәзірлерді
пайдалануға және жаңа хабарлар, келе жатқан
оқиғалар мен күйлері сияқты мәлімдемелер тізіміне
өтуге болады. Экранның жоғарғы жағындағы
индикаторлық белгішелерді түртіп, жедел пернелер
тақтасын ашу үшін саусағыңызды төмен түсіріңіз.
Тақтаны жасыру үшін тізімнің төменгі жағын жоғары
қарай сүйреңіз.