
4
Қауіпсіздік және пайдалану туралы ақпарат
Жарылғыш ортада телефонды өшіріп
қойыңыз
Телефонды жанармай құю станциясында немесе
жанармай мен химиялық заттардың қасында
пайдаланбаңыз. Тыйым салынған жерлерде
телефонды өшіріп тастаңыз. Телефон жанар-
майдың немесе химиялық заттардың қасында,
жарылғыш жерлерде жарылуға немесе өртке
себеп болуы мүмкін. Тұтанғыш сұйықтықты,
газдарды немесе жарылғыш материалдарды
телеофонмен және оның бөлшектерімен бір
жерде сақтамаңыз.
Зақымдайтын қайталанбалы
қозғалыстарды азайтыңыз
Телефонмен мәтіндік хабар жібергенде немесе
ойын ойнағанда оны жайлап қыспай ұстаңыз,
пернелерді жай басыңыз, басатын түймелердің
саны азайтатын арнайы мүмкіндікті қолданыңыз
(мысалы үлгілер немесе болжаулы мәтіндер)
және үзіолісті жиі жасаңыз.
Қауіпсіздік ескертулері
Барлық уақытта абайлап жүргізіңіз
Көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесуден
бас тартыңыз және осыған байланысты
ережелерге бағыныңыз. Қауіпсіздікті арттыру
үшін мүмкіндік болса дауысты күшейту
мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Барлық қауіпсіздік ескертулері мен
ережелерді сақтаңыз
Белгілі жерде ұялы телефонды пайдалануға
шектеу қоятын ережелерді орындаңыз.
Тек Samsung қолдайтын керек
жарақтарды пайдаланыңыз
Сәйкес келмейтін керек жарақтарды пайдалану
телефоныңызды зақымдайды.