
c
Ақаулықтарды жою
Телефон сигнал шығарады және батарея
белгішесі жыпылықтайды.
Батарея аз. Телефонды әрі қарай пайдалану
үшін батареяны қайта зарядтаңыз немесе
ауыстырыңыз.
Қоңырау шалудың дауыс сапасы нашар.
Телефонның ішкі антеннасын жауып
тұрмағандығыңызды тексеріңіз.
Әлсіз сигнал немесе нашар қабылдау
аймақтарында болған кезде қабылдауды
жоғалтып алуыңыз мүмкін. Басқа жерге
барып әрекетті қайталаңыз.
Қоңырау шалу үшін контакты таңдадыңыз,
бірақ қоңырау шалу терілмейді.
Контакт тізімінде дұрыс нөмірдің сақталған-
дығын тексеріңіз.
Қажет болса нөмірді қайта теріп сақтаңыз.
•
•
•
•
Батарея дұрыс зарядталмайды немесе кейде
телефон өзінен өзі өшіп қалады.
Батареяның түптері кір болуы мүмкін. Сары
түсті контактыларды таза, жұмсақ шүберекпен
сүртіп батареяны қайта зарядтаңыз.
Егер батарея толық зарядталмаса, ескі
батареяны тастап орнын жаңасымен
ауыстырыңыз.
Телефон ұстауға тым ыстық.
Егер бірнеше қолданбаны бір уақытта
пайдалансаңыз, телефон көбірек қуатты
қажет етеді және қызып кетуі мүмкін.
Бұл қалыпты жағдай және телефонның
қызмет көрсету мерзімі мен жұмыс істеуіне
әсер етпейді.
•
•