
Батарея заряды төмендеген кезде құрылғыңыз ол
●
туралы дабыл үнін шығарады және ескерту хабарын
көрсетеді. Батарея белгішесі
де бос болады. Егер
батарея деңгейі тым төмен болса, құрылғы автоматты
түрде өшіп қалады. Құрылғыңызды пайдалана беру
үшін батареяны қайта зарядтаңыз.
Егер батарея заряды толығымен бітсе, саяхат адаптері
●
қосулы болса да құрылғыны іске қоса алмайсыз.
Құрылғыны қосуға әрекет етуден бұрын таусылған
батареяның бірнеше минут зарядталуына мүмкіндік
беріңіз.
Саяхат адаптерімен зарядтаңыз
›
Адаптердің кіші ұшын көп функциялы ұяға қосыңыз.
1
Адаптерді дұрыс жалғамау салдарынан құрылғыға
зақым келуі мүмкін. Дұрыс қолданбау салдарынан
туындаған залалдар кепілдік қызмет көрсету
шараларына енгізілмейді.