
Назарыңызда болсын!
Қатерлі кернеу.
• Егер су құятын түтік бүлінсе, ашаны
дереу розеткадан суырыңыз. Су
құятын түтікті ауыстыру үшін Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
1.3 Қолданылуы
• Бұл құрылғы үйде және сол сияқты
төменде аталған жерлерде
қолдануға арналған:
– Дүкендердің, кеңселердің және
басқа жұмыс орындарының
қызметкерлерге арналған ас
бөлмелерінде
– Фермадағы үйлерде
– Қонақ үйлерде, мотельдер мен
басқа да тұрғынды жерлерде
– Төсек және таңғы аспен
қамтамасыз ететін жерлерде.
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, күйіп қалу, электр
немесе өрт қаупі бар.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Өткір ұшты пышақтар мен ас
құралдарының ұштарын төмен
қаратып немесе көлденеңінен қойып
ас құралдарына арналған себетке
салыңыз.
• Құрылғының есігі ашық тұрған кезде
соғылып қалмас үшін қараусыз
қалдырмаңыз.
• Ашық тұрған есікке отырмаңыз
немесе үстіне шықпаңыз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған
жуғыш заттар қауіпті. Жуғыш заттың
орамында көрсетілетін нұсқауларды
орындаңыз.
• Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе
ішуге болмайды.
• Ыдыстарды бағдарлама
аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.
Ыдыстарда жуғыш зат болуы
мүмкін.
• Бағдарлама орындалып тұрғанда
құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу
шығуы мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
1.4 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
4
www.aeg.com