
Назарыңызда болсын! Ыдыс жуғыш
машинада қолданылатын жуғыш
заттар қауіпті және жеміруі мүмкін!
• Бұл жуғыш заттар қандай да бір
қатерлі жағдайға алып келсе,
жергілікті ауруханаға немесе
дәрігерге хабарласыңыз.
• Жуғыш зат ауызға түсіп кетсе,
дереу жергілікті ауруханаға
немесе дәрігерге хабарласыңыз.
• Жуғыш зат көзге түсіп кетсе, дереу
дәрігерге хабарласыңыз және
көзіңізді сумен шайыңыз.
•Ыдыс жуғыш машинада
қолданылатын жуғыш заттарды
қауіпсіз, балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Жуғыш зат үлестіргіште жуғыш зат
болған кезде, құрылғының есігін
ашық қалдырмаңыз.
• Жуғыш зат үлестіргішін жуу
бағдарламасын бастардың
алдында ғана толтырыңыз.
Бұйым сипаттамасы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1 Үстіңгі себет
2 Су кермектігінің дискісі
3 Тұз сауыты
4 Жуғыш зат үлестіргіші
5 Шайғыш зат үлестіргіші
6 Техникалық ақпарат тақтайшасы
7 Сүзгілер
8 Астыңғы бүріккіш түтік
9 Үстіңгі бүріккіш түтік
Оптикалық сигнал
Жуу бағдарламасын бастағаннан кейін,
құрылғы есігінің астыңғы жағындағы
еденде оптикалық сигнал пайда болады.
• Жуу бағдарламасы аяқталғанға дейін
қызыл шам жанып тұрады.
• Бағдарлама аяқталғанда жасыл шам
жанады.
• Ақаулық пайда болғанда қызыл шам
жыпылықтайды.
Құрылғыны ас үй қаптамасының
ішіне биіктете орнатқан жағдайда,
оптикалық сигнал көрінбейді.
electrolux 5