Dil ID: 8
Dil Adı: italy
Dil Kodu: it3tayfun Prodotti del Marchio AEG
Dünyanın En Büyük
Elektronik Bilgi Kütüphanesi



Науаларды камерадан алу
үшін металл аспаптарды
пайдаланбаңыз.
3.6 Суық аккумуляторы
Мұздатқыш бір не бірнеше суық
аккумуляторымен жабдықталған; бұл
электр қуаты өшкенде не құрылғы
сынып қалған жағдайда оның ішіндегі
тағамды ұзағырақ сақтауға
көмектеседі.
3.7 Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында
сөрелерді қалауыңызша
орналастыруға арналған бірнеше
бағыттауыш бар.
Орынды тиімді пайдалану үшін
алдыңғы жарты сөрелерді артқы
сөрелерге жатқызып жинауға болады.
3.8 Есік сөрелерін
орналастыру
Әр түрлі мөлшерде оралған
тағамдарды орналастыру үшін есіктегі
сөрелерді түрлі биіктікке қоюға
болады.
3.9 Сырғытпа жәшікті орналастыру
Сырғытпа жәшікті әр түрлі биіктікке
қоюға болады.
Бұлай реттеу үшін төмендегі
әрекеттерді орындаңыз:
1.
сырғытпа жәшігі бар сөрені
жоғары көтеріңіз де, есіктегі
тіреуіштен алыңыз.
2.
сөренің астындағы бағыттағыш
жолдан қапсырманы алыңыз.
3.
Сырғытпа жәшікті басқа биіктікке
қою үшін жоғарыда көрсетілген
әрекеттерді керісінше орындаңыз.
4. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
4.1 Қуатты үнемдеуге
қатысты ақыл-кеңес
Есікті жиі-жиі ашпаңыз не қажетті
уақыттан артық уақыт ашып
тұрмаңыз.
Орта температурасы жоғары болса,
температура регуляторы ең жоғарғы
параметрге қойылса және
тоңазытқыш ішіне тамақ
толтырылса салынса, компрессор
буландырғыш құралдың үстіне мұз
қатырып, үздіксіз жұмыс жасауы
мүмкін. Бұндай жағдай орын алса,
температура регуляторын құрылғы
электр қуатын үнемдей отырып
өздігінен жібу үшін төменгі
көрсеткішке қойыңыз.
28
www.aeg.com