
3.2 Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды
мұздату мен тоңазыған және
мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт
сақтауға жарайды.
Жаңа тағамды мұздату үшін
FROSTMATIC функциясын,
мұздатылатын тағамды мұздатыш
бөлікке қоярдың алдында, кем
дегенде 24 сағат бұрын қосыңыз.
Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды
суретте көрсетілгендей "X" бөлігіне
салыңыз.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын
тағамның ең көп мөлшері құрылғының
ішіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады:
осы уақыт аралығында мұздатқыңыз
келген басқа тағамды қосып
салмаңыз.
3.3 Мұздатылған тағамды
сақтайтын камера
Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз
уақыт пайдаланбай барып іске қосқан
кезде, тағамды мұздатқыш камераға
салмай тұрып құрылғыны жоғары
параметрлерге қойып кем дегенде 2
сағат қосып алыңыз.
Сақталатын тағамның мөлшері көп
болса, құрылғының ішіндегі
суырмалар мен себеттердің барлығын
алыңыз да, тоңазыту барысында
жақсы нәтижеге жету үшін
салқындатқыш сөрелердің үстіне
қойыңыз.
Назарыңызда болсын!
Қойылатын тағам мөлшерінің
үстіңгі бөлік(бар болса)үшін
көрсетілген салмақ шегінен
асып кетпеуін қадағалаңыз.
Мысалы, электр қуаты өшіп
қалып құрылғы мұзы кездейсоқ
жібіп кетсе және электр қуаты
техникалық сипаттамалар
кестесінің "температураның
жоғарлау уақыты" бөлімінде
көрсетілген шамадан да ұзақ
уақыт жоқ болса, тағамды
дереу тауысу не пісіріп барып
қайта тоңазыту
керек(салқындатқан соң).
3.4 Жібіту
Мұздатылған не тоңазытылған
тағамды қажетке жаратпас бұрын, осы
жұмысқа арналған уақыттың
шамасына қарай отырып, оны
тоңазытқыш ішінде не бөлме
температурасында жылытуға болады.
Тағамның кіші кесектерін
тоңазытқыштан алған бетте мұздаған
қалпы пісіре беруге болады. бұндай
жағдайда пісіру уақыты ұзағырақ
болады.
3.5 Мұз текшелерін жасау
Бұл құрылғыда мүз текшелерін
жасауға арналған бір не одан да көп
науалар бар. Осы науаларға су
толтырыңыз да, содан соң оларды
мұздатқыш камераға салыңыз.
ҚАЗАҚ 27