
KZ
33
Ағызу (Drain Out)
Қосылып тұрған циклды тоқтатып, одан бас тарту үшін,
Drain Out (Ағызу) функциясын қолдануға болады.
START/PAUSE (БАСТАУ/ТОҚТАТЫП ҚОЮ) түймесі басылып
тұрса, DRAIN OUT (АҒЫЗУ) функциясы қосылады. Қосылып
тұрған цикл тоқтап, ыдыс жуу машинасындағы су ағызылады.
Арнайы жуу циклдары
мен опциялары
Ескертпелер:
«Rapid» циклдарын қолданған кезде, оңтайлы нәтижеге
ыдыс-аяқтың белгіленген мөлшерін жуу арқылы қол жеткізуге
болады.
Тұтынуды одан әрі азайту үшін ыдыс жуу машинасын тек
толтырып жұмыс істетіңіз.
Сынақ зертханаларына арналған ескертпе: салыстырмалы
EN сынақ жағдайлары үшін төмендегі мекенжайға электрондық
Sani Rinse опциясы/Tab
Бұл опция жоғарырақ температура қолдануға мүмкіндік
береді. Жуу бағдарламасын таңдап, Sani Rinse
түймесін басыңыз; индикатор шамы жанады. Опциядан бас
тарту үшін, сол түймені тағы бір рет басыңыз.
Ыдыс-аяқтар мен сәби бөтелкелерін тазалауға қолайлы.
Ескерту: цикл аяқталған кезде ыдыс-аяқ пен табақтар өте
ыстық болуы мүмкін.
Sani Rinse опциясы жуу циклының мерзімін ұзартады.
Бірнеше функциясы бар таблеткалар
(таблеткалар-Tab)
Бұл опция жуу және кептіру нәтижелерін
оңтайландырады.
SANI RINSE түймесі басылып тұрса, TAB функциясы
қосылады. TAB функциясын өшіру үшін қайтадан басып тұру
керек.
«TAB» опциясы жуу циклының мерзімін ұзартады.
Жартылай жүктеу (Half Load)/Child Lock
Жуылатын ыдыс көп болмаса, су, ток пен жуғыш затты
үнемдеу үшін жартылай жүктеу циклын қолдануға
болады. Жуу циклын таңдап, ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ түймесін
басыңыз; индикатор шамы жанады.
Бұл опциядан бас тарту үшін ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ түймесін
қайта басыңыз.
Жуғыш зат мөлшерін екі есе азайтуды ұмытпаңыз.
Балалардан қорғауға арналған қауіпсіздік
құлпы (Child Lock)
HALF LOAD түймесі басылып тұрса, CHILD LOCK (ҚАУІПСІЗДІК
ҚҰЛПЫ) функциясы қосылады. CHILD LOCK (ҚАУІПСІЗДІК
ҚҰЛПЫ) функциясы басқару тақтасын құлыптайды. CHILD
LOCK (ҚАУІПСІЗДІК ҚҰЛПЫ) функциясын өшіру үшін қайтадан
басып тұру керек.
Жуу опциялары
Жуу циклы таңдалып, Бастау/Тоқтата тұру түймесі
басылғанға дейін ғана ОПЦИЯЛАРДЫ орнатуға, өзгертуге
немесе қайта орнатуға болады.
Орнатылған жуу циклының түрімен үйлесімді опцияларды
ғана таңдауға болады. Опция таңдалған жуу циклына сәйкес
келмесе
(Жуу циклдарының кестесін қараңыз)
, тиісті таңба 3
рет жылдам жыпылықтайды.
Басқа опциямен (бұрын таңдалған) үйлесімді емес опция
таңдалса, ол 3 рет жыпылықтап өшеді, ал ең соңғы таңдалған
опция жанып тұра береді.
Қателесіп орнатылған опцияны таңдаудан бас тарту үшін тиісті
түймені тағы бір рет басыңыз.
Кешіктіріп бастау (Start Delay)
Бағдарламаның басталуын 0:30 және 24 сағат
аралығында кідіртуге болады.
1. Бағдарламаны және барлық қажетті параметрлерді
таңдаңыз. Бағдарламаның басталуын кідірту үшін
КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймесін (қайталап) басыңыз. 0:30 - 24
сағат аралығында реттеледі. Түйме басылған сайын кідіртіп
бастау артады: таңдау 4 сағаттан төмен болса, 0:30, таңдау
12 сағаттан төмен болса, 1:00, таңдау 12 сағаттан жоғары
болса, 4 сағат. 24 сағатқа жетсе және түйме басылса, кідіртіп
бастау ажыратылады.
2. БАСТАУ/УАҚЫТША ТОҚТАТУ түймесін басыңыз: таймер
кері санай бастайды;
3. Осы уақыт өткеннен кейін, көрсеткіш шамы өшеді және
бағдарлама автоматты түрде басталады.
Кері сану уақытында БАСТАУ/УАҚЫТША ТОҚТАТУ түймесі
қайтадан басылса, КЕШІКТІРІП БАСТАУ параметрі
болдырылмайды және таңдалған бағдарлама автоматты
түрде басталады.
Жуу циклы басталғаннан кейін Кешіктіріп бастау
функциясын орнату мүмкін емес.