Dil ID: 9
Dil Adı: germany
Dil Kodu: de2tayfun Produkte der Marke Whirlpool
Dünyanın En Büyük
Elektronik Bilgi Kütüphanesi



KZ
65
Дисплей
Дисплей құрылғыны бағдарламалаған кезде пайдалы
және өте көп ақпарат береді.
Екі жоғарғы А және B жолдары таңдалған жуу циклы, жуу
циклының кезеңі туралы мәліметті және жуу циклының
орындалу барысына қатысты барлық ақпаратты береді.
С жолы орындалып жатқан жуу циклының соңына дейін
қалған уақытты және, КЕШІКТІРІП БАСТАУ таңдалған
болса, таңдалған жуу циклының басталуына дейін
қалған уақытты көрсетеді.
D жолы ең көп сығу жылдамдығының мәнін көрсетеді
(ол таңдалған жуу циклына байланысты болады); жуу
циклына сығу циклы кірмесе, жол қолданылмайды.
E жолы таңдауға болатын ең көп температура мәнін
көрсетеді л таңдалған жуу циклына байланысты
болады); жуу циклының температурасын өзгерту мүмкін
болмаса, жол қолданылмайды.
F индикатор шамдары функцияларға сәйкес келеді
және орнатылған жуу циклымен сыйысымды функция
таңдалған кезде олар жанады.
Есік құлыптаулы таңбасы
Таңба жанып тұрса, ол кір жуғыш машина есігінің
кездейсоқ ашылуына жол бермеу үшін оның
құлыпталғанын білдіреді Кез келген зақымдалудың
алдын алу үшін құрылғы есігін ашпас бұрын таңбаның
өздігінен өшуін күтіңіз.
Ескертпе: КЕШІКТІРІП БАСТАУ функциясы іске
қосылған болса, есікті ашу мүмкін болмайды; оны ашу
керек болса, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басу
арқылы құрылғыны тоқтатып қойыңыз.
! Құрылғы алғаш рет қосылғанда, сізден тілді таңдау сұралады
және тілді таңдау мәзірі автоматты түрде көрсетіледі.
Қажетті тілді таңдау үшін X және Y түймелерін басыңыз;
таңдауды растау үшін Z түймесін басыңыз.
Таңдалған тілді өзгерту керек болса, L таңбасы бар барлық үш
түймені сигнал берілгенше бір уақытта басып ұстап тұрыңыз.
Құрылғыны қайтадан қосыңыз; тілді таңдау мәзірі көрсетіледі.
A
B
C
D
E
F
1-сурет
2-сурет
3-сурет
4-сурет
Барабанды ашу және жабу тәсілі
А) Ашу (1-сурет):
Сыртқы қақпақты көтеріп, оны толығымен ашыңыз.
B) Барабанды ашу (Жайлап ашу):
Бір саусақпен 2-суретте көрсетілген түймені
басыңыз, сонда барабан жайлап ашылады.
C) Кір жуғыш машинаға кірлерді салу (3-сурет).
D) Жабу (4-сурет):
- алдымен алдыңғы есікті, одан кейін артқы есікті
жабу арқылы барабанды толығымен жабыңыз;
- одан кейін алдыңғы есіктегі ілмектер артқы есіктің
негізіне толығымен отырғанына көз жеткізіңіз;
- ілмектер орындарына «тық» етіп отырғаннан
кейін босап кетпеуін қамтамасыз ету үшін екі есікті
жай ғана төмен қарай басыңыз;
- соңында сыртқы қақпақты жабыңыз.