Dil ID: 9
Dil Adı: germany
Dil Kodu: de8tayfun Produkte der Marke Samsung
Dünyanın En Büyük
Elektronik Bilgi Kütüphanesi



28
Казақ
Кеңейтілген функциялары
Network Setup (Samsung Auto Conguration)
Бұл функция, параметрлерді автоматты түрде конфигурациялау
функциясына қолдау көрсететін кіру протоколдарында жұмыс
істейді. Егер кіру протоколында бұндай функция болмаса,
қосылымды PBC (WPS), арқылы, автоматты түрде не қолдан
орнатуға болады.
Бұл функция SWL(Samsung Wireless Link) режимі Off
қалпына қойылғанда жұмыс істейді.
Samsung автоматты түрде конфигурациялау функциясына
қолдау көрсететін құрылғы түрлерін www.samsung.com
торабынан қарауыңызға болады.
Параметрлерді автоматты түрде конфигурациялау
функциясымен орнату
1. Кіру протоколы және теледидарды қатарластыра қойыңыз да,
іске қосыңыз.
Бағдарламалардың іске қосылатын уақыттары
әртүрлі болғандықтан, 2 минуттай күтуіңіз қажет
болуы мүмкін.
Егер LAN сымы, Samsung автоматты түрде
конфигурациялау кезінде кіру протоколы
құрылғысының WAN ұяшығына жалғанса, интернет
қосылымын тексеретін сынақты өткізе аласыз.
Егер қосыла алмасаңыз, Samsung автоматты түрде
конфигурациялау функциясы тек AP-ге қатысты
(интернет қосылымын тексермейді) құралдарды ғана
тексереді.
2. 2 минут өткеннен кейін Samsung сымсыз LAN адаптерін
теледидарға жалғаңыз. Samsung сымсыз LAN адаптері
орнатылғаннан кейін, қалқымалы терезе ашылады.
3. Қосылым тұрақтанғаннан кейін, AP құралы мен Samsung
сымсыз LAN адаптерін араларына 25см-ден артық орын
қалдырмай параллель қойыңыз.
4. Қосылым автоматты түрде орнағанша күтіңіз.
Егер Samsung автоматты түрде конфигурациялау
функциясы теледидарды кіру протоколы құралына
қоса алмаса, бейнебетте қалқымалы терезе
көрсетіледі де, қосылымның жүзеге аспағанын
хабарлайды. Кіру протоколы құралын қайта баптаңыз
да, қайта қосып көріңіз. Қосылым қайта сәтсіз болса,
қосылым тәсілдерінің басқа біреуін таңдаңыз: PBC
(WPS), автоматты түрде немесе қолдан орнату.
5. Қосылым жүзеге асқаннан кейін, ортақтастырғышты қалаған
жерге қойыңыз.
Егер кіру протоколы параметрлері өзгерсе немесе
кіру протоколы құралын сатып алғаннан кейін бірінші
рет қолданып тұрсаңыз, онда параметрлерді 1-ші
қадамнан бастап қайта орнатуыңыз керек.
Ескерім
Теледидар Samsung сымсыз LAN адаптеріне жалғанған кезде, кейбір арналардағы суреттер бұрмаланып көрсетілуі немесе "қимылсыз
қалуы" мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, Samsung Wireless LAN адаптерін радио бөгеуілдері кедергі жасамайтын жерде USB сымы
арқылы жалғаңыз.
Адаптер мен тюнердің арасында бөгеуіл пайда болмас үшін,
Samsung Wireless LAN адаптерін бөгеуіл орын алмайтын жерге
орнату керек.
Method: Ұзартқыш сыммен жалғаңыз
немесе
[PC6500_RU]BN68-02807C-03L04.indb 28 2010-09-28 오후 1:41:59