Dil ID: 9
Dil Adı: germany
Dil Kodu: de8tayfun Produkte der Marke Rigid Industries
Dünyanın En Büyük
Elektronik Bilgi Kütüphanesi



Пайдалану, кестелер мен ақыл-кеңес
Буға пісіру
Буға пісіру үшін пештің буға пісіру не интервал арқылы пісіру
функцияларын пайдаланыңыз.
Назарыңызда болсын!
Тағамды буға
пісірген кезде пеш есігін ешқашан ашпаңыз.
Сұйық зат ретінде тек суды ғана пайдалану керек!
Буға пісіруге арналған ыдыс-аяқ
Қызуға төзімді және тот баспайтын заттан жасалған ыдыс-аяқтарды
буға пісіру үшін пайдаланса жарайды.
Әсіресе, хром қоспасы бар темірден жасалған контейнерлер жарамды
келеді(жарамды керек-жарақ тарауын қараңыз).
Пеш қатарлары
Төменгі кестелерден пештің сай келетін қатарларын таба алсыз.
Пештің қатарлары төменнен басталып, жоғары қарай саналады.
Жалпы нұсқаулар
30 минуттан артық пісірілетін тағамды не көп мөлшердегі тағамды
пісіруге қатысты. қажет болса, су қосыңыз.
Пештің буға пісіретін
функциясы таңдалғанда май сүзгісін алып
қойыңыз; әйтпесе, пісіру уақыты ұзаққа созылады.
Егер құрылғы ұзақ уақыт колданылмаса, су қорапшасын, түтікшелері
мен бу генераторын сумен әбден тазалап шайыңыз. ("Тазалау және
күтім көрсету" тарауын қараңыз.)
Буға пісіру мен интервал арқылы пісіру кестелеріне қатысты ескерім
Төмендегі кестелер әдепкі тағам түрлері үшін қажетті температура мен
пісіру уақытын, пештің қатарларын таңдау туралы ақпарат береді.
Температура мен пісіру уақыттары, пісірілетін тағамның құрамы мен
көлеміне, қолданылатын ыдыстың түрі мен санына тәуелді
болғандықтан тек жалпы ұсыныс ретінде ғана берілген.
Егер де өз рецептіңіз бойынша пісіруге сай келер параметрлерді
таппасаңыз, соған неғұрлым ұқсас келетін параметрді іздеңіз.
Егер басқаша сипатталмаса, төмендегі берілген шамалар пісіру
жұмысы пеш суық тұрған кезде басталды деген есеппен берілген.
Буға пісіру
Буға пісіру
тәсілі тоңазытылған немесе тоңазытылмағанына
қарамастан барлық тағам түрлеріне сай келеді. Пісірудің бұл тәсілін
тағамды пісіру, ысыту, жібіту мен көкөністерді, ет пен балықты, макарон,
күріш, тәтті жүгеріні, семолина мен жұмыртқаны бәсең отқа пісіруге не
буға бұқтыру үшін пайдалануға болады.
Толық тағам мәзірін пісіру
Негізгі тағамды барлық қосымшаларымен қоса бір уақытта пісіруге
болады. Пісіру уақыттары негізінен ұқсас келетін тағамдарды таңдаған
24
Пайдалану, кестелер мен ақыл-кеңес