
– егер құрылғы сөніп, минут операторы орнатылып тұрса. Минут операторы
функциясы аяқталған кезде, бейнебет түнгі жарықтылық режиміне ауысады;
Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде, құрылғының беттерін салқын ұстау үшін желдеткіш
автоматты түрде қосылады. Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш құрылғы
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
Тазалауға қатысты ескерім:
• Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш сұйық қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
• Құрылғының металл беттерін əдетте қолданылатын жуғыш заттармен тазалаңыз
• Тұмшапештің ішін əр пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, əрі күйіп кетуіне жол бермейсіз.
• Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
• Тұмшапештің керек-жарақтарының (жуғыш зат қосылған жылы суға батырылған
шүберекпен) бəрін əр пайдаланып болған сайын тазалап, құрғатыңыз.
• Тұмшапештің керек-жарағына ластық тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Зат
жабыспайтын қаптама бүлініп қалуы мүмкін.
Есіктің тығыздағышын тазалау
• Есіктің тығыздағышын уақытылы тазалаңыз. Есіктің тығыздағышы тұмшапештің
жақтауын айнала орналасқан. Есіктің тығыздағышына нұқсан келген жағдайда
құрылғыны іске қоспаңыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Есіктің тығыздағышын тазалау үшін тазалауға қатысты жалпы ақпаратты қараңыз.
Сөре сырғытпалары
Бүйір қабырғаларын тазалау үшін сырғытпаларды алып қоюға болады.
Сырғытпаларды алу
1. Сырғытпалардың алдыңғы жағын
қабырғадан тартып шығарыңыз.
Күту менен тазалау
23