
Ішкі температура сенсорын розеткаға қосқан кезде, сағат функцияларының
параметрлері біржола тоқтайды.
Ішкі температура сенсорын қолданып пісірген кезде, Температура/Уақыт бейнебетінде
көрсетілген температураны өзгерте аласыз. Ішкі температура сенсорын розеткаға
қосып, тұмшапеш функциясы мен температурасын орнатқаннан кейін, бейнебетте
ағымдық ішкі температура көрсетіледі.
Басқа үш температураны көру үшін
қайта-қайта басыңыз:
• Ағымдық ішкі температура
• Тұмшапештің орнатылған температурасы
• Ағымдық тұмшапеш температурасы.
Сөре сырғытпалары
Сөре сырғытпаларын қолданғанда, сөрелерді барынша оңай салуға жəне алуға
болады.
1. Оң жəне сол жақтағы сөре
сырғытпаларын тартып шығарыңыз.
2. Тұмшапеш сөрелерін сөре
сырғытпаларына салыңыз да,
құрылғының ішіне қарай абайлап
итеріңіз.
Сөре сырғытпаларын тұмшапеш есігін
жаппай тұрып, құрылғыға əбден итеріп
кіргізгеніңізге көз жеткізіңіз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Сырғытпаларды ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз. Сырғытпаларды майламаңыз.
°C
°C
20
Керек-жарақтарды қолдану